Дело №0432


 

Форма входа

Среда, 16 Сентябрь 2020 00:00

Халықтың табысы туралы жалпыға бірдей декларациялауды енгізу талқыланды Избранное


15 қыркүйек 2020 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» партиясының баспасөз қызметі

Об этом сообщает Политика


Бүгін «Ақ жол» Демократиялық партиясының ұйымдастыруымен ҚР Қаржы министрлігінің өкілдерімен халықтың табысы туралы жалпыға бірдей декларациялауды енгізу туралы ұсыныстарды талқылау бойынша кездесу өтті.
Жиынға ҚР Қаржы вице-министрі Қ.Баедилов, «Ақ жол» партиясының төрағасы А.Перуашев, фракция депутаттары мен аймақтардағы филиалдардың өкілдері қатысты.
Жиын барысында «Ак жол» фракциясының депутаттары Д.Еспаева мен Е.Никитинскаяның ұсыныстарын қабылданып, жеке тұлғалардың құны 2000 АЕК асатын мәмлелері туралы нотариустардың салық органдарына хабарлау шектемесін ұлғайту туралы келісті.

-Үкімет 1000 АЕК (2 788 000 тг) ұсынған болатын, ол біздің пікіріміз бойынша азаматтарға артық әкімшілік қысымшылықтар туғызар еді, – деді А.Перуашев. – Жалпы көлеңкелі экономикаға қарсы әрекет құрал ретінде жаппай декларациялауды енгізуді қолдай отырып, бюрократия қарапайым адамдарға қиындық туғызбай, нақты жемқорлардың заңсыз тапқан капиталын елден шығаруға «жылыстауына» кедергі жасайды деп санаймыз.
Пікірталастан соң Қ.Баедилов депутаттардың осы мәселер бойынша дәлеледері мен басқа да мәселелермен келістінін жеткізді.


Источник: “https://akzhol.kz/халықтың-табысы-туралы-жалпыға-бірде/”